Қазақстанда 2021 жылдан бастап жалпы декларациялау жүргізілуде. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылы табыстары мен мүлкі туралы декларацияны кім тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпыға бірдей декларация Қазақстанда төрт кезеңде енгізілді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарауды тапсырған болатын.
Атап айтқанда, төртінші кезеңде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіруге міндетті қазақстандықтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырудан босату ұсынылды.
Нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитеті келесі ұсыныстарды енгізді:
Салық есептілігінің 250.00 нысаны міндетті түрде ұсыну кезінде:
Салық есептілігінің 270.00 нысаны міндетті ұсынуға сәйкес:
Салық есептілігінің 250.00 нысаны тапсырудан босатылады
Ведомство шетелде және Қазақстанда орналасқан активтерді барынша дәл жариялау қажеттігін атап өтті. Салық салынатын табысты анықтау кезінде активтердің құны кейіннен ескерілетін болады.
Сондықтан, декларацияны толтырмас бұрын:
Дебиторлық/кредиторлық берешек (несие шарты) болса, Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салуды жіберу керек.
Декларацияны беру әдістері
Декларацияны электронды түрде "Салық төлеуші кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat, eGov mobile мобильді қосымшалары, Halyk Bank, Kaspi Bank, Centercredit банктерінің қосымшалары арқылы беруге болады.
Қағазда: пошта арқылы немесе қолма-қол.
Декларация тұрғылықты жері бойынша беріледі.
Бұған дейін 12 блогер 1,4 миллиард теңге қосымша табыс жариялағанын хабарлаған болатынбыз.