"Жармақан Тұяқбай ресейлік журналистерге берген сұхбатында халықтық фронт құру арқылы оппозициялық партиялар мен оппозициялық көзқарастағы азаматтардың консолидациялық күшін нығайту қажеттігі туралы айтты",- деді С. Әлібаев.
Сонымен қатар, ол халық фронтын құру туралы мәселенің Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның алдағы құрылтайында қаралатындағын да атап өтті. "Жақын арада біз құрылтай өткізуге тиіспіз, сонда алқалы түрде шешім қабылданады",- деп қосты С. Әлібаев.