"Жақын күндері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау қорытындысын жарамсыз деп тануын талап етіп, сайлау комиссиясының мүшелері мен басқа да лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін көтереді",- деді Ж. Тұяқбай.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының пайымдауынша, "сайлау ең көп заң бұзушылықпен және жалғандықпен" өтті. Атап айтқанда, партия өкілдерінің пайымдауынша, келген сайлаушылардың санына қатысты мәліметті асырып көрсеткен.
Ж. Тұяқбай сондай-ақ, партия мүшелері ел аймақтарында наразылық митингісін өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала берген мәліметтері бойынша, сенбідегі мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлаушылардың 4,62 пайызын жинаған, сөйтіп бұл партия парламенттің төменгі палатасының құрамына кіруге қажетті 7 проценттік кедергіден өте алмай қалды.