Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бапкерлер, спортшылар айтсаңдаршы бар шындықты, қашанғы тығылып отырасыңдар?
Бұл елдің дамығаны тек белсенділерге керек пе?
Келіп бізге мұңдарыңды төгесіңдер, өздерің қашаңғы тығылып отырасыңдар?
Спорттағы сыбайластықты, жемқорлықты шындықты айтатын уақыт келді!
Сәләфи ағымына яғни , “жамағатқа кірмегенсің, ортаға зекет бермегенсің”, деп шеттетілендеріңді; Шәкіртеріңмен қоса мұсылман емессіңдер , Алланың сүйген құлдары ғана олимпиадаға бару керек, олар ғана мадаққа лайық дейтіндерді;
Намыстанбайсыңдар ма?
Қашанғы үндемей отырмақсыңдар", - деп жазды ол.