”Жаман ұлт жоқ дегенге сенгім келеді” - Димаш Құдайберген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Үлкен арманым - әлемде бейбітшілік болса деймін. Біз көбінесе қолда барды бағалмай жатамыз. Ата-анамыз, достарымыз бар. Саған ләззат сыйлайтын жұмысыңның бары бақыт. Менің ойымша бақыт деген осы. Бақыт ол біздің айналамыз. Біз кейде қарапайым нәрселерді ұмытып кетіп жатамыз. Әлемде бейбітшілік болғанын қалаймын. Қай ұлттың, діннің адамы болсаң да бейбітшілік болу керек. Бұл соншалықты қиын ба, түсінбеймін. Мен бүкіл әлемді араладым десем болады. Мен “жаман халық” туралы айтқанды түсінбеймін. Шынайы Димаш барлық адамдардан тек жақсылық көреді. Жаман ұлт жоғына сенгім келеді. Бір-біріне соғысып жатқан елдер зиянды үгіт-насихаттың құрбаны. Бұл менің пікірім”, - деді әнші.