Жаманқұловтың сотына Дулыға, Асылбектерді жалынып шақыртып алдық - Қадырғали Көбентай

"WhatsApp" желісінде бүгінде істі болып отырған халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың орындауындағы  "Керегім жоқ ешкімге" деген ән кең тарап жатыр.Әннің әуені мен сөзіне үңілсек, тергеліп жүріп тезі шыққан Тұқаңның дәл қазіргі алай-дүлей шағындағы реквиемі секілді, деп жазады Абай.кз порталы.

Кейін белгілі болғандай әннің компазиторы Қадырғали Көбентай болып шықты.Барлық сот отырыстарына қатысып жүрген сазгер Тұңғышбай Жаманқұловты бүгінде бір де бір әріптесі қолдамай, сырт айналды дегенді айтуда.

 - Айтам ғой, мен әу бастан Тұңғышбай ағаммен бірге келе жатырмын. Бір-екі сотқа қатыса алмай қалдым. Оның да себебі бар. Ал енді көріп отырмыз: әріптестерінің бірде-біреуі Тұқаңды қолдамады ғой. Бір шәкірті сотқа келіп, үндемесе де отырып, төбе көрсетіп кеткен жоқ. Бұл өнер адамына үлкен соққы. Ауыр соққы. Адам бұдан құса болып кетеді. Өліп қалады. Кешегі желілерге Тұқаңмен бірге түскен суреттерін салып, мақтанып жүретін әншісымақтардың бірде-бірі жоқ қазір. Кешегі сотқа Дулыға, Асылбектерді жалынып шақыртып алдық. Әуезов театры мүлде маңайына жоламайды қазір. Міне, солай жағдай, деді Қ.Көбентай.