«Жамбастары дәу ма, бастары дәу ма, чёто бірдеңелері не то»: Арнайы жасақ сарбаздары сынға қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Марал Киокушинкай деген атпен  белгілі желі қолданушысы facebook-те  полиция қызметкерлерінің бір топ болып бірге тұрған суретін салды. Олар  әлдебір рұқсат етілмеген минтингті  сырттан бақылап тұрған болса керек.

«Неге екенін білмеймін, өте жағымсыз әсер қалдырады екен түрлері. Әсіресе, оң жақтан санағанда біріншісі, екіншісі, үшіншісі. Отморозоктар деп айтқым келеді. Жамбастары дәу ма, бастары дау ма, чёто бірдеңелері не то» деп жазды, Марал. 

Желі қолданушылар да түрлі пкірлер қалдырған. 


 «Бұлар, меніңше, арнайы жасақ емес. Штабтың әр бөлімінің қыздары шығар. Осы формаларының керекке жараған күні бопты. Кейін өздері ұялар ана фотоларын бала-шағасы көрген кезде», «Алдыңғы төртеуде төрт түрлі киім ғой. "Сары қыз не че былай" Тапқандарын киіп шыққандай», деген сынды пікірлер қалдырыпты.