Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Б.Жетібаев 21-қарашада шұғыл іздестіру шараларының барысында өзінің жұмыс бөлмесінде ұсталды.
Қазірде оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің аса ірі көлемде пара алу жөніндегі 311-бабы, 4-тармағы, "в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баспасөз қызметі департамент төрағасының қандай жағдайда және кімнен пара алғанын нақтылаған жоқ. Бір белгілісі, Б.Жетібаевқа әзірге айып тағылмаған, тұтқындауға рұқсат берілген жоқ. Ол қазір ІІД-нің уақытша тергеу абақтысында отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті