Жамбыл облысы әкімдігінің кеңсесі өртке оранды

«22 қыркүйекте, кешкі сағат 22:00 шамасында облыстық әкімдік ғимаратының бірінші қабатындағы кеңседен өрт шықты, - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында. - Өрт салдарынан кеңсе және дәліздің 30 шаршы метр аумағы жарым-жартылай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, материалдық залал анықталуда».

Тілсіз жау Тараз қаласы төрт өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен 25 минут ішінде ауыздықталды.


Алғашқы мәліметтерге қарағанда, өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.