«1 қыркүйек күні, сағат 23:50-де, Қордай ауданында республикалық маңызы бар «Алматы - Ташкент» автокөлік жолының 157 шақырымында «МерседесБенц-320» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Ауди-100» автокөлігіне қарсы келіп қалып, қақтығысады, - делінген мекеменің баспасөз хабарламасында. - ЖКО салдарынан екі жүргізуші де, «Ауди-100» көлігінде отырған 48 жастағы әйел алынған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды».
«МерседесБенц-320» автокөлігінің жолаушысы (24 жастағы Алматы облысының тұрғыны) және «Ауди-100» автокөлігінің үш жолаушысы (27, 22 және 8 жастағы) әр түрлі жарақаттарымен Қордай ауданы Отырар ауылы Гвардейск қала типтес кентінің медициналық санитарлық батальонына жатқызылды.
Жүргізушілердің екеуі де, «Ауди-100» автокөлігінің жолаушыларының барлығы да Жамбыл облысының тұрғындары, деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметі.