9 желтоқсан күні атқылай бастаған фонтан тоқтатылып, апаттық жұмыстар аяқталды. Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ "АқБерен" КФ РМКМ 10 қызметкері және 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС 10 адамы және 2 техника қатыстырылды.
Бұдын бұрын хабарланғанындай, "Амангелдігаз" ЖШС №105 кен орнында 6 желтоқсан күні сағат 16-да құбырдан сұйық зат атқылып, жапқыш тетікті айналдыруға мүмкіндік болмады. Алдын ала болжамдар бойынша, кен орнындағы жер қатпарлары арасынын шыққан сұйық зат апатты жағдай туғызған. Зардап шеккендер жоқ.