Жамбыл облысы Астанаға ауылшаруашылық жәрмеңкесіне 152 тоннаға жуық азық-түлік жіберді

 Жамбыл облысының ауыл шаруашылық өндірушілері Астанадағы жәрмеңкеге өз өнімдерін шығарады, деп облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


           Астанаға облыстың он ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін әкелді.
           Жамбыл облысы 18,2 тонна ет өнімдерін, 3 тоннаға жуық сүті өнімдерін, 1,22 тоннаға жуық жеміс-жидек пен көкөніс, 2 тоннаға жуық макарон өнімдерін ұсынды.
           Жәрмеңкеде елорданың коммерциялық базарларындағыдан 15 пайыздан 20 пайызға дейін арзан бағамен 33 млн тенгенің 152 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылмақ. Мәселен, жылқы еті 1150 теңге, сиыр еті – 950 теңге, қой еті – 900 теңге, картоптың келісі – 40 теңге, алма – 150 теңгені құрайды.