Жамбыл облысы боксшыларын Куба маманы жаттықтырады

«Аламан» агенттігінің жазуынша, 54 жасар маман 1984-94 жылдары Куба жасөспірімдер құрамасында бас бапкер және АҚШ еліндегі жергілікті клубтарда бапкер болған.

Элизондо Жамбыл облысының боксшыларын 2016 жылғы олимпиада ойындарына дайындайды. Оның алдына қойылған мақсат - Рио-де-Жанейро олимпиадасында топ жаратын, алтын алатын бір жамбылдық боксшыны дайындап шығару.