Жамбыл облысы Талас ауданында электр жалғастыру желісі қалпына келтірілді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16-наурызда 5 сағат 45 минутта тау өзенінің суы №23 бағанды шайып кеткен. Соның салдарынан Қаратау-1 және Майтөбе қосалқы станцияларының арасындағы желі үзілді. Майтөбе елді мекенінің 658, Қаратау ауылының 692, Билікөл елді мекенінің 600 тұрғыны тоқсыз қалды.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 18-наурыздағы 12 сағат 45 минуттағы жағдаймен қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Апат зардабын жоюға Тараз электр желісі орталық қызметінің тобынан 9 адам мен 5 техника жұмылдырылды.