Жамбыл облысы тұрғынынан тоғыз келіден астам героин тәркіленді

ҚР Қылмыстық кодексінің бұрынғы басылымының 259-бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз сақтау, психотропты заттарды дайындау, сақтау, тасымалдау) бірнеше рет сотталған 59 жасар жалғыз басты, жұмыссыз ер адам ұсталған кезде, өз ісін мойындады. Қазіргі уақытта Қордай АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 297-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.