Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысандарға барды

деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырп.

Атап айтқанда, елбасы Тараз қаласының Баласағұн атындағы Мәдениет сарайында болып, инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне қатысты. Онда ұсынылған жобалардың көпшілігі әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Инвестициялық жобалардың бір бөлігі облыста мұнай-химия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өндірістерін құруды қарастырады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Президент орталықтың ғимаратын, кеңес беру, күту, операциялар атқару, құжаттар беру және кассалық залдарды аралап көрді.

Тараз қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығы 2006 жылдың 29 қарашасында ашылған. Орталық ғимаратының жалпы көлемі 2400 шаршы метр, оның 900 шаршы метрі тікелей халыққа қызмет көрсетуге арналған. Орталықта халыққа қызмет көрсетуге арналған 41 терезеде бес бағыт бойынша 100 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Сол күні ел Президенті "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында партия белсенділерімен және жастар қанатымен кездесті.

Бөлімше жалпы алаңы 1460 шаршы метрді алып жатқан үш қабатты ғимаратта орналасқан, екінші қабаттағы 17 кабинеткеартияның облыстық бөлімшесі мен Тараз қаласының өкілдері орналастырылған. Үшінші қабатта 72 адамға арналған отырыс залы бар. Ғимаратта бөлімшенің қызметкерлерінен басқа партияның "Жас Отан" жастар қанаты, қоғамдық қабылдау бөлімі, қоғамдық бақылау комитеті жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті