Олар әлеуметтік желіде шетелдік уағыздаушылардың дәрістерін қамтитын аудио-бейнематериалдарды таратқан, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Сондай-ақ олар өз бауырластарының артықшылығын және өзге дін өкілдерінің төмендігін насихаттаған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандары куәгер ретінде жауап берген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұстауға Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімі, ҰҚК және прокуратура қатысты.