Жамбыл облысында 13 жастағы қарындасын зорлап келген ер адам тұтқындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім туған ағасы мен туыс ағасының тарапынан зәбір көріп келген. 

“Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Мойынқұм ауданында аса ауыр қылмыс жасады (кәмелетке толмаған баланы зорлау) деген күдікпен іздеуде жүрген күдіктіні ұстады”, – деп мәлімдеді полиция.

Полицияның мәліметінше, күдікті Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталған.

“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция бірінші күдіктіні ізін суытпай ұстаған еді. Бұл қылмысы үшін ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті.