Жамбыл облысында 14 діни ұйымның жұмысы тоқтатылды

Атап айтқанда, Т.Рысқұлов атындағы ауданы аймағында заңсыз жұмыс істеген "Таблиги Джамаат" ислам қозғалысының 11 жақтаушысының қызметі тоқтатылды. "Аудандық соттың шешіміне сәйкес, оларға бір айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынды",-деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Таблиги Джамаат" қозғалысының тағы жеті қолдаушысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылында ұсталды. Жамбыл облысының үш ауданының тұрғындары тіркеусіз ауыл мешітінде орналасып, уағыз жүргізген. Баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, "қазіргі сәтте әкімшілік тәртіп бұзғандары үшін оларға айыппұл салынып, жауапқа тартылды".

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жамбыл облысы бойынша 355 діни ұйым, бөлім мен бөлімшелер тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті