Жамбыл облысында 3 ауданның әкімі жаңадан тағайындалды

Нақтырақ айтқанда, бұрынғы Шу ауданының әкімі Бақытжан Нұркенов Мойынқұм ауданына басшы болды. Ол 2010 жылдың ақпан айынан бері Шу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып, 2013 жылдың 28 маусымынан бастап Шу ауданының әкімі болып тағайындалған. 

Ал, Шу ауданының әкімі болып, Рүстем Дәулет тағайындалды. Ол 2013 жылдың 27 маусымынан бері Жамбыл ауданының әкімі болып қызмет атқарды. 
Жамбыл ауданының әкімі қызметіне Маден Мұсаев тағайындалды. Ол 1963 жылы 8 қарашада Шу ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, Қырғыз мемлекеттік Ұлттық университетін малдәрігері, заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасы басшысы. 2004-2006 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі, 2010 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2010 жылдың шілде айынан бастап, Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.