Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 30 шілдеде Рысқұлов ауданында желілік ішкі істер басқармасының есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы Алматы облысының тұрғынын 305 кг марихуанамен ұстады. Ұсталған уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Бұған қоса, комитет ақпараты бойынша кеше "Мак" шарасы барысында тәртіп сақшылары Шу ауданында 35 жастағы еркекті ұстады. "Одан 67 килограмм есірткі табылып тәркіленді. Сараптама оның марихуана екенін көрсетті. Қазіргі жағдаймен күдікті қылмысын мойындап, уақытша тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлайды тәртіп сақшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті