Полиция қызметкерлері хабарлағанындай, қаланың Шу ауданында сағат 23.00, "Ореке" кафесінің маңынан "БМВ" көлігін жүргізген Алматының "Әйгерім" ықшам ауданының тұрғыны ұсталды. Көлікте Оңтүстік астанадағы жоғары техникалық оқу орындарының бірінде оқып жүрген 4 курс студенті болды. Көлік капотының астынан қапқа оралған есірткі табылды.
Есірткі тасымалдаушылар ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес комитеті мен "Дельта-Долина"тобының бірлесе отырып жүргізген екі айлық шұғыл жұмыстарын дайындау арқасында құрықталды.
Облыста жыл басынан бері 15 келі есірткі тәркіленді. Оңтүстікте бір келі героиннің құны $10 мың.