Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Qamqor жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасы қызметкерінің ақша жымқыру дерегін анықтаған.
"Тергеу барысында балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында "Қазақстан Халық банк" АҚ-тағы есепшотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, 18 миллон теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігі өтелгені айтылды.