Жамбыл облысында 6 ауылды қар басып қалды

2 метрлік қарды 5 күннен бері құтқарушылар мен сарбаздар жабылып, арши алмай жатыр. Таңертеңгі жаңбыр қарды нығыздап, жұмысты одан әрі қиындата түскен. Жалпы ұзындығы 37 шақырым жолды тазарту керек. Арнайы техниканың өзі 12 сағатта 2 шақырым жолды күрей алған. Қатынас үзілген жұртқа бүгін ғана әскери техникамен азық-түлік жеткізілді. Осы 6 ауылда 4000-ға жуық тұрғын бар. Атқарушы билік тайлы-тұяғымен сол маңда жүр. Таңға дейін жолды тазартамыз деп сендірді олар.

Батырбек Құлекеев, Жуалы ауданының әкімі:

-Жалпы аудан көлемінде 24 техника қарды аршуымен айналысып жатыр. Бір-ақ күнде ашатын едік, дауылдың арқасында...Түнде ашамыз...таңертең келсек қайтадан жабылып қап жатыр. 

Loading...