Жамбыл облысында 7 жасар баласын дарға асқан әке қызын да азаптаған

Екінші сынып оқушысын 20-шы қаңтар күні ауладағы ағашқа асып кеткен. Оның мойын омыртқасы үзіліп, зорланғаны белгілі болды. Қазір 10 жастағы әпкесінің де өгей әкеден жәбір көрген-көрмегені тексерілуде. 35 жастағы азаматқа «азаптау»  бабы бойынша айып тағылып, тергеу аяқталғанша 60 күнге қамалды. Оқушының нағашылары оның өліміне өгей әкенің туған ағасын да айыптауда. Дегенмен педофилдің нақты кім екенін анықтау үшін сот-биологиялық сараптама қорытындысын күту қалды. 

Loading...