4-сәуір күні шұғыл- іздеу шаралары барысында Шу-Бурылбайтал жолының 137-ші шақырымында "Мерседес" айдаған, бұрындары есірткі тасымалдағаны үшін сотталып келген Алматының 57 жастағы тұрғыны ұсталды.
"Көлігінен 4 полипропилен қап шықты, онда жалпы салмағы 53 кило 900 грамм марихуана болған”, делінген ақпаратта. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, есірткіні 2014 жылы жазда дайындап, енді Алматыға апара жатқандығын айтқан.