Жамбыл облысында АН-2 ұшағының құлауына ұшқыштар кінәлі деп танылды

Бортында «Қазақмыс»-тың 4 қызметкері мен экипаждың үш мүшесі бар ұшақ қаңтардың 20-сы күні Жамбыл облысындағы Шатыркөл кен орны маңында апатқа ұшыраған. Салдарынан, 6 адам апат орынында тіл тартпай кетті. Тек геолог Әсем Шаяхметова тірі қалған болатын. Ол ауыр жарақаттанғанына қарамастан қирандының ортасынан ұялы телефонын тауып, хабар берген. Апат себебін 5 ай зерттеген арнайы комиссия өрескел қателікті ұшқыштар жіберген деп отыр. Олар жердің бетін басып жатқан қою тұманға қарамастан, ұшақты қондыруға тырысқан. Алайда, есеп пен жылдамдығы сақталмаған ұшақ жердің қыртыстарына соғылып күл паршасы шығыпты. 

Loading...