Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысының ТЖД тамыздың 15, 16 және 17 облыстың аудандары мен Тараз қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрден 23-28 м/секундқа дейін күшейеді деп хабарлап отыр.

Жамбыл облысының ТЖД облыс және аудан орталықтарының әкімдеріне, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет жетекшілеріне алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтып, хат жолдады. Халыққа ұялы байланыс операторлары арқылы SMS хабарлаамалар жіберілуде.

Жамбыл облысы бойынша ТЖД халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.