Министрлік ақпаратына сәйкес, 6-мамырда таңертеңгі сағат 4-те Алматы -Ташкент тас жолының 455-ші шақырымында ішінде 35 жолаушысы бар "ЛАЗ" бағытты автобусы мен "Ауди-100" автокөлігі соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Автобустың жолаушыларына тиісті дәрігерлік көмек-жәрдем көрсетілді. Министрлік ақпаратына сәйкес, олардың арасында ауруханаға жатқызуды талап ететіндер жоқ.