Жамбыл облысында автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан сегіз адам қаза тапты

Жол апаты Т.Рысқұлов атындағы ауданда Алматы-Ташкент тас жолының 383-ші шақырымында дүйсенбі күні түс шамасында болған. 24 жолаушы отырған "Сетра" жолаушылар тасымалдайтын автобусының жүргізушісі "Мицубиси" автокөлігімен соғысты.

Апат салдарынан "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жеті жолаушысы, соның ішінде бес жасар қыз бала мен аты-жөні анықталмаған тағы екі бала жарақат салдарынан қаза тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті