"Ауыр жарақат алған жасөспірім Сарыкемер ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", -деп нақтылайды жол полициясындағылар.
Жалпы алғанда 2007 жылы Жамбыл облысының аумағында 640 жол апаты болып, солардың салдарынан 354 адам қаза тауып, 730-ы жараланған.
Бірақ Жамбыл облыстық жол полициясындағылар "2006 жылмен салыстырғанда апаттар көрсеткіші 13 %-ға, ал қаза тапқандар саны 10 %-ға азайды", деп хабарлайды.