Жамбыл облысында баласы бар келіншекті жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

22 жастағы Жаңатас қаласының тұрғынын өткен жылы құрбысы Алматыға жұмысқа тұрғызамын деп алдап шақыртып, жеңгетайға тапсырып жіберіпті. Ондағылар екі баласын тартып алып, «оларды көргің келсе айтқанымызды орындайсың»- деген талап қойған. Келіншек амалдың жоқтығынан жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болдым дейді. 

Қызғалдақ Қарымсақ, жәбірленуші:

-Мына кішкентай қызым үш айлық болатын ол кезде. Емізетінмін. Алып қойды. Көрсеткенде жоқ. Алып кетті. Қанша ауырдым. Қыздарымды уайымдадым. Үлкен қызым тіпті шошып қалған.

Қызғалдақ жеңгетайлар тәулік бойы жұмысқа салғанын айтады. Өзімен бірге қонақ үйде жиырмаға жуық өрімдей бойжеткендерді де күштеп ұстаған. Тәртіп сақшыларына хабар беруге қорқыпты. Өйткені лауазымды полицейлердің өздері жезөкшелер ордасының сыйлы қонақтары болып шыққан.  

Қызғалдақ Қарымсақ, жәбірленуші:

-Ол жерге капитан келді. Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінен. Ай сайын ақша алып кетеді. Түрін көрсем жақсы танимын. Қыз басына 50-60 мың алып кетеді. Әрине жалғыз алып отырған жоқ ол.

Үш ай бойы қиыншылық көрген келіншек екі баласын сағынып, қожайыннан олармен жолықтыруды сұраған. Кездестірген түні бәрі ұйқыда жетқанда балаларымен бірге қашып кетіпті. Ертеңіне полицияға арыз түсіргенімен, әлі күнге нәтиже жоқ деп налиды. Қазірдің өзінде күнде Алматылық тергеушілерге қоңырау соғып әуре.   


Мақсат Ескендіров, тергеуші:

-Сіз осымен қанша рет айттыңыз. Алдайсыз.

-Айта беріңіз.

 Менің ісім  не болып жатыр? Мен не істейін? Алматыға барайын ба? Сіздің ісіңіз  облыстық ІІД  тексеріп енді келді.

-Гаухарды, Гүлмарияны қамадыңыз ба? Жоқ, оларды қамаған жоқпыз әлі. Оны сіз келген кезде түсіндіремін.

Біздің түсіру тобымыз Қызғалдақ айтқан «Алтын орда» базары маңындағы қонақ үйде болып, тән саудасының қызып жатқанына көз жеткізді. Өзін «Гуля» деп таныстырған әйелдің айтуынша, түр әлпетіне қарай әр қыздың кесілген бағасы бар екен. Олардың қауіпсіздігі мен мұндағы тыныштыққа жергілікті полицейлер тікелей жауап береді деп отыр.  

-Мынанын бәрі қонақ үй ме?

 - Бағалары қанша ?

 –Үш  мың.

- Үш  мың сагатына?

 - Ие.

Қызғалдақтың айтқаны айдай келді. Иек астындағы келеңсіздіке құзырлы орын көз жұма қарайды дегені бекер болмай шықты. Тіпті ол, өзіне қатысты істің өз пайдасына шешілетініне кумәнмен қарайды. Өйткені тәртіп сақшылары жеңгетаймен ауыз жаласқан деп отыр.