Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті

«Қаратау қаласынан бес шақырым жерде орналасқан көлге балық аулап отырған кезде осы қаланың 45 жастағы тұрғыны батып кетті, делінген ведомство хабарламасында. - Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-інен сүңгуірлер тобы жіберілді. Қажетті жабдықтармен жарақталған «УАЗ» автокөлігімен жеті адам келіп жетті».


4 сағатқа созылған іздестіру барысында ер адам табылып, судан шығарылды, марқұмның денесі Талас ауданы ІІБ полиция қызметкерлеріне табысталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.