Жамбыл облысында безгек жұқтырған адамдар ажалдан аман қалды

Мойынқұм, Жамбыл, Талас ауданының төрт тұрғыны қауіпті індетке шалдықты деген күдікпен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын. Екі науқастан безгек белгілері анықталған. Хал үстінде келгендер тек дәрігерлер көмегінен соң ес жиды. Қазір Жамбыл ауданының 37 жастағы тұрғыны ем-дом қабылдап жатыр. Ол, сиырын кенеден тазалап жатқанда індетті жұқтырса керек. Көктем мен күзде қозатын аса қауіпті вирусқа шалдыққандар дереу қаралмаса, ажал құшуы бек мүмкін. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға сақ жүруге кеңес береді.

Мұхтар Сержанов, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Бұл аса қауіпті, адамды өлтіріп жіберетін ауру. Медиктердің өзі одан емдеуге қорқамыз. Адамды кене тістейді, ол қаннан адамға жұғады, екінші үшінші адамға жұғады. Тез тарайды да, тез өлтіреді.

Loading...