Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің аға тергеушісі қылмыстық жауапкершілік шарасын жеңілдету үшін бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен "Ниссан-Премьера" автокөлігін параға алған.

ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің тергеу бөлімі қаржы полициясы қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті