Жамбыл облысында биыл алғаш рет қырым қанды безгегіне шалдығу оқиғасы тіркелді

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 29-сәуірде Сарысу ауданы Саудакент ауылының әйел тұрғыны үстінен кене тауып алғаннан кейін ауылдық аурухананың көмегіне жүгінген. Зертханалық тексерулерден кейін "қырым қанды безгегі" деген диагноз расталды.

С.Қасмақасовтың айтуынша, зардап шеккен әйелдің сырқаты жеңіл түрде өтуде. Клиникалық ауыр белгілер байқалмайды.
Қырым қанды безгегін таратушы кенелердің белсенділігі артуына байланысты облыстағы барлық профилактикалық емдеу мекемелері дайындық жағдайына көшірілді. Талас, Сарысу және Мойынқұм аудандарындағы емдеу мекемелері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Бұл аудандарда наурыз және сәуір айларында аумақтар профилактикалық өңдеуден өтіп, мал түлігі кенеге қарсы шараға қамтылды. Бұл жұмыстарға бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді.