ТЖМ ақпараты бойынша Алматы-Ташкент-Термез тас жолында "БМВ" көлігі жолаушы автобусымен қақтығысты. Автобустың ішінде 51 адам болған. Жол көлік апаты салдарынан 20 адам түрлі жарақат алды.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша көлік жүргізушісі мен көліктің ішінде отырған екі адам және автобус жолаушылардың біреуі оқиға орнында қаза тапты. Автобус жүргізушісі мен оның 15 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.