Жамбыл облысында бөгенді су шайып кету салдарынан 67 үй су астында қалды

4-тоғандағы су бөгетінде тереңдігі 4, көлденеңі 15 метрлік тесік пайда болған.

Қазір ауылдың 400 тұрғыны орта мектеп ғимаратына көшіріп орналастырылды. Елді мекенде электр жарығы үзілді. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 20 адам мен 14 техника жұмылдырылып отыр.