Жамбыл облысында болған үш жол апатынан үш адам мерт болып, сегізі жараланды

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, Шу ауданында Аспара-Шу темір жол өткелегінің 3713-ші шақырымында 14-тамызда жүк поезы "БМВ" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, жолаушысы ауруханаға жеткізу барысында жан тапсырды. Тағы үш жолаушы ауруханаға түсті.

15-тамызда Қордай ауданында Қордай-Шу автожолының 45-шақырымында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай оны аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы ауруханаға түсті.
Сонымен бірге 15-тамызда Алматы-Ташкент тас жолының 392-шақырымында "ВАЗ-2106" автокөлігінің аударылуы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.