Қаражат бюджеттен тыс қаржы көздерінен алынады. Бұл туралы е облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаза тапқандардың алтауы да Қарағанды мен Жезқазғанның тұрғындары. Олардың қазасы бәрімізге ортақ. Әкімдік марқұмдардың отбасыларына материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсетіп жатыр. Аймақ билігі әр отбасына материалдық көмек ретінде бір миллион теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы апаттан көз жұмған қызметкерлерінің отбасыларына 10 айлық жалақы көлемінде қаржы аударады.
«Олимп Эйр» ЖШС-не тиесілі ұшақ сейсенбі күні Жамбыл облысының Шатыркөл кеніші аумағында апатқа ұшыраған болатын. Бастапқы болжамдар бойынша, ұшақ тұман салдарынан әуежайға қонар кезде апатқа ұшыраған.
Апат кезінде экипаждың үш мүшесі мен «Қазақмыс» компаниясының үш қызметкері қаза тапты. «Балқаштүстіметалл» ӨБ бас геологы Ә.Шаяхметова ауруханаға жеткізілді.