Жамбыл облысында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Жамбыл облысында «Қазахвзрывпром» АҚ аумағында оқ-дәрілерді утилизациялау кезінде жарылыстан зардап шеккен әйел қайтыс болды, деп облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


           Бұл төтенше жағдайдан құрбан болғандар саны екі адамға жетті.
           «Бір адам оқиға болған жерде қайтыс болды, 1977 жылғы әйел ауруханада көз жұмды, бес адам ауыр хәлде, бір әйел үйіне қайтарылды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мұңтаева мәлімдеді.
           Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні сағат 17:10-де оқ-дәрілерді утилизациялау кезінде жарылыс болған. Соның салдарынан бір жұмысшы қаза болып, қалғандары күйік шалып ауруханаға түскен болатын.
           Осы факті бойынша Гвардиялық гарнизон әскери прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлім, 246-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.