Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қарасу - Қордай тасжолының 14-шақырымында 21-сәуірде 21 сағат 30 минутта "Москвич-412" көлігі "ВАЗ-2106" көлігімен соғылған. Апат салдарынан "Жигулидің" 29 жасар жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды. Әртүрлі жарақаттар алған төрт адам, соның ішінде бір және төрт жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті