Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

29 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с аса күтіледі. Күндіз 29 желтоқсанда тау және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.