Жамбыл облысында екі Камаз соқтығысып қозғалыс 10 сағатқа жабылып қалды


Жол апаты Күйік асуында болған. Биіктен төмен қарай түсіп келе жатқан қос Камаз бір-бірімен соқтығысыпты. Содан біреуі қарсы бетке шығып кетіп төңкерілсе, екіншісі апат болған жерде аударылған. Тиелген қауын мен құрылыс заттары жолға тарыдай шашылды. Машинаның майы да төгілген. Осыдан кейін жолды жабуға тура келді. Мамандар тек 10 сағатта әрең тазалап біткен. Жүргізушілердің бірі оқыс оқиға салдарынан жарақат алып, ауруханаға түсті.