Жамбыл облысында екі жол апатынан жеті адам зардап шегіп, екеуі қаза тапты



Мекеме ақпаратына сәйкес, 14-тамызда Алматы-Тараз тас жолының 173-ші шақырымында "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тауып, тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Тараз-Амангелді тас жолының 13-ші шақырымында 14-тамызда "Ауди 100" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға түсті.