Жамбыл облысында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкері ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшысын ҚР ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында ұстады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан 2 килограмм марихуана тәркіленген.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті