Бүгін таңертең Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдың аудандық ауруханасында граната жарылысы салдарынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды.
"Тараздың 28 жастағы тұрғыны онда 19 наурыз күні 19 сағат шамасында 1-2 дәрежелі бет және қол-аяқтар күйігі, 4 дәрежелі шок және көптеген жерлерінен сыныққа ұшырау деген диагнозбен ауруханаға жеткізілген", - деп хабарлайды ІІД.
Белгілі болғанындай, қайтыс болған жігіт Жуалы ауданының Ақтөбе ауылына 62 жастағы тұрғынға малшы ретінде жалданған. Қой бағып жүріп ол 91678 әскери бөлімінің полигонына барып, сол жерден ВОГ-17 гранатасын тауып алған. Оқ-дәрімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау салдарынан жігіт ауыр жарақаттанған.
Оқыс оқиға дерегін облыстың күш құрылымдары тексере бастады, қажетті сараптамалар жүргізілуде.