Жамбыл облысында инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалып, үш инкассатор қаза тапқан

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 21-маусымда 10 сағатта “ВалютТранзитБанкі” АҚ-ның Жамбылдық филиалының директоры полицияға

М 482 CF деген мемлекеттік номері бар арнаулы “Нива” автокөлігі 20-маусымда Шу қаласынан Таразға 32 млн. теңгені жеткізу үшін шығып, қалаға келмегенін хабарлаған. Көлікте “Байкал-442” табельді қаруы бар үш инкассатор болған.

Кеше осы автокөліктің табылғаны туралы ақпарат таратылды. Көлік Мерке ауылының маңынан табылған. Көлік ішінен үш инкасстордың мәйіттері шықты.

Бұл дерек бойынша шұғыл тергеу тобы құрылды. Жамбыл облыстық ІІД осы оқиғаға қатысты қандайбір ақпараттан хабардар жандардан көмек сұрады. Ондай мәліметтер үшін 1 млн. теңге сыйақы тағайындалды.