Қайғылы оқиға Мойынқұм ауданындағы Шығанақ бекеті маңында болды. Астанадан Шымкентке бет алған қоғамдық көліктің жүргізушісі көктайғақта тізгінге ие бола алмай сайға аударылған. Салдарынан ішіндегі 51 адамның оны оқиға орнында жантәсілім етті. Жарақат алған 4 жолаушы Приозерск қаласының ауруханасында жатыр. Арасында аяғы ауыр келіншек те бар. Қазір зардап шеккендердің екеуі Балқаш қаласына ауыстырылса, біреуі туыстарының өтінішімен Алматыға жіберілді. Он адамның өмірін жалмаған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, автобустың 24 жастағы жүргізушісі қамауға алынды.
Loading...