Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Мерке ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 372-ші шақырымында 02 сағат 59 минутта "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі "Тойота" маркалы жеңіл көлікпен соғысты. "Жолдағы апат салдарынан көліктер өртенді. Екі көлік те өрт салдарынан толық жанып кеткен, олардан 4 адамның мәйіттері табылды, олардың аты-жөндері анықталған жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеме ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сонымен бірге сол күні Алматы-Ташкент тас жолының 526-шы шақырымында 51 жастағы "Фольксваген" жүргізушісі "Мерседес" көлігімен соғысты. "Жол апаты салдарынан "Мерседес" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, "Фольксваген" жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.